«Зұлқарнайынның сақ жеріне жорығы. Шу хақанның тарихынан» жаңа жарық көрген кітапқа жан-жақты шолу жасап, оның тарихи-танымдық маңызын атап өтті.
15 желтоқсан күні ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ!
Бүгін орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Amanat» патриясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі Халықаралық инженерлік академияның академигі Мойынқұм ауданының тумасы, Қазақстан ғалым, қоғам қайраткері Алшанов Рахман Алшанұлының «Зұлқарнайынның сақ жеріне жорығы. Шу хақанның тарихынан» ғылыми-көпшілік очеркі» атты кітабінің тұсаукесу рәсімі өткізілді.
Шараны Шу ауданының әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаев ашып, автордың еңбегіне жоғары баға беріп, ізгі лебізін білдіріп, қазақтың салт-дәстүріне сәйкес шапан жапты.Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бахит Бексұлтан Мұратбекұлы «Зұлқарнайынның сақ жеріне жорығы. Шу хақанның тарихынан» жаңа жарық көрген кітапқа жан-жақты шолу жасап, оның тарихи-танымдық маңызын атап өтті.
Іс-шарада автор ауданымыздың зиялы қауым өкілдері «Amanat» партиясы Шу аудандық филиалының төрағасы Ниязбеков Болатхан Кенжеханұлы, Шу ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшы міндетін у.а. Көпбаева Балжан Шәкірғалиқызы, Шу ауданының «Құрметті азаматы» Мұқатаев Төрехан Жаңбырбайұлы көпшілік оқырмандарымен кездесіп шығармашылық жолымен кітаптың мазмұны жайлы айтып өтті.
Кітаптың тұсауын Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаев және Шу ауданының «Құрметті азаматы» Төрехан Жаңбырбайұлы Мұқатаев кесті.
Мақсаты: Жаңа кітапты және өңіріміздің тарихын көпшілік қалың оқырманға таныстыру, тұлғалардың өмір жолын жинақтаған құнды деректерді, тарихшы ұстаздар мен жазушы арасындағы рухани мәдени-ғылыми байланысты нығайту.








