“Зорлық-зомбылыққа қарсымыз” атты ақпараттық брифинг өтті.

19 маусым күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Теміржол” колледжінің білімгерлерінің және Шу АПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Дүйсеметов Дидар Айдарұлының қатысуымен “Зорлық-зомбылыққа қарсымыз” атты ақпараттық брифинг өтті. Шара барысында кітапханашы қазіргі қоғамдағы орын алып жатқан жастар арасындағы зорлық- зомбылықпен күресудің негізгі мақсаттарымен бөлісті.

Мақсаты: Болашақ жастардың жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.