«Зиянды әдетсіз жастар» атты пікірталас өткізілді.

30 қазан күні Абай ауылдық кітапханасында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру мақсатында «Зиянды әдетсіз жастар» атты пікірталас өткізілді.

Іс-шара барысында темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарының зияны туралы айтылып, жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы сөз болды. Оқырмандар зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, видео ролик тамашалады.

Пікірталас соңында салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст