«Жырымен өрнектелген ғұмыр» атты танымдық сағат өткізілді.

28 қазан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясында өзіндік із қалдырған ақын Артығали Ыбыраевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жырымен өрнектелген ғұмыр» атты танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандарға небәрі 21 жыл ғұмыр кешсе де, артында мол рухани мұра қалдырған ақынның өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылды. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі мен әдеби мұрасының маңызы туралы мағлұматтар берілді.