«Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші өтті.
7 ақпан күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші өтті.
Кітапханашы поэзия кешінде миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, оқушылар ақынның «Отан», «Поэзия», «Шеше», «Әке», «Фантазия» атты атты өлеңдері мен әндері шырқалды. Мақсаты: қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан ақынның мол мұрасын насихаттау.

