«Жырда туған жауынгер жүрек» сторителлинг өткізілді.
24 тамыз күні Сауытбек ауылдық кітапханасында ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туылғанына 115 жыл толуына орай «Жырда туған жауынгер жүрек» сторителлинг өткізілді. Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.



