«Жыр жүрегі – Жұмекен» атты тақырыбында портреттік кеші өтті.

25 қараша күні N1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Республикасы әнұраны мәтіннің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 – жылдық мерейтойына орай «Жыр жүрегі – Жұмекен» атты тақырыбында портреттік кеші өтті. Мақсаты: Жұмекен Нәжімеденовтің – өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет беру, оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу аясын кеңейту және білімдерін толықтыру. Кітапханашы оқушыларға өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, кітаптарына шолу жасады.