«Жыр төгеді жүрегі» флешбук ұйымдастырып өткізді.

20 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын, драматург Софы Сматаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Жыр төгеді жүрегі» флешбук ұйымдастырып өткізді. Шара барысында қаламгердің өмір жолы, әдеби мұрасы, әсіресе «Елім-ай» сияқты тарихи шығармалары таныстырылып, оның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылды.