«Жыр төгеді жүрегі» атты танымдық сағат өтті.

22 маусым күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Жыр төгеді жүрегі» атты танымдық сағат өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды қаламгердің өмірбаяны және шығармашылық жолымен таныстырып, қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегі туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы жазушының «Елім-ай» романы таныстырылып, оның тарихи және әдеби маңызы жайында ақпарат берілді.