“Жыр сұңқары – Жұмекен”тақырыбында портреттік кеш өтті.

12 қыркүйек күні №1 Қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы, әнұран авторы Ж.Нәжімеденовтың 90 жылдығына орай “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында “Жыр сұңқары – Жұмекен”тақырыбында портреттік кеш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы өмірі мен шығармашылығын насихаттап, Ж.Нәжімеденовтың кітаптарына шолу жасады.