«Жыр сұңқары Жұмекен» атты портрет кеші өткізілді.
9 сәуір күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел- бір кітап» акция аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторы, ақын, жазушы, Қазақстан Жастар одағының сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жыл мерейтойына орай «Жыр сұңқары Жұмекен» атты портрет кеші өткізілді. Іс – шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға ақынның өмірбаяны мен еңбектерінің таныстырды.


