“Жыр мен өмір үндестігі” атты поэзия кеші өтті.
6 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана мен клуб қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерей тойына орай “Жыр мен өмір үндестігі” атты поэзия кеші өтті. Шара барысында кітапханашы ақиық ақынның өмір жолына, шығармашылығына тоқталып, Д.Олпанбай “Үш бақытым”, Ш.Райбек “Қарасаз”, Е.Байғали“Өмір жайлы”, Б.Молдашев“Ғашықпын!” өлеңдерін жатқа айтты. Кеш соңында кітап қорындағы тақырыпқа сай кітаптарға шолу жасалды.



