«Жыр дүлдүлі – Жамбыл» атты әдеби сағат өткізілді.
18 тамыз күні Далақайнар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жыр дүлдүлі – Жамбыл» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық өнері, айтыстары мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, ақынның өмірі мен шығармаларына арналған кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға Жамбыл мұрасын тереңірек оқып-білу ұсынылды.



