«Жыр бәйтерегі – Жұмекен» атты поэзия сағаты өтті.

18 қыркүйек күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Жыр бәйтерегі – Жұмекен» атты поэзия сағаты өтті. Шара барысында қаламгердің поэзия жанрындағы қажырлы еңбегі мен асқан күйшілік өнерімен таныстыра отырып, ақынның «Менің Қазақстаным»,«Даңқ пен дақпырт», ”Ұлым саған айтам”, “Мезгіл әуендері” атты кітаптарына шолу жасалып, Алға орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абылайхан Сезім «Менің Қазақстаным» атты өлеңін айтып берді.