«Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында сыр сандық өткізілді.

9 қазан күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, «XX ғасырдың Гомері» атанған ұлы жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында сыр сандық өткізілді.

Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Сонымен қатар оқушылар ұлы ақынның өлең-жырларын жатқа оқып, оның бай мұрасын насихаттады.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын таныту, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және поэзияға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Жамбыл жырлары – ұрпаққа аманат, халыққа мұра!