«Жыр алыбы – Жамбыл» атты поэзия оқулары өткізілді.
21 шілде күні Шу қалалық №2 кітапханасының ұйымдастыруымен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты поэзия оқулары өткізілді.
Поэзия оқулары барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақынның ел бірлігі, ерлік, отансүйгіштік тақырыбындағы жырлары оқылды. Сонымен қатар, ақынның қазақ поэзиясын әлемге танытудағы ерекше орны мен оның «Халық поэзиясының алыбы» атануына негіз болған шығармашылық жолы туралы кеңінен айтылды.
Іс-шараға қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Поэзия кеші оқырмандардың Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке құрмет пен рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.



