«Жыр алыбы – Жамбыл» атты мәнерлеп оқу кеші өткізілді.

19 мамыр күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаев шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мәнерлеп оқу кеші өткізілді.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырып, ел бірлігі, ерлік, отансүйгіштік тақырыбындағы жырларының тәрбиелік мәніне тоқталды. Шараға қатысқан оқырмандар «Ленинградтық өренім», «Өтеген батыр», «Балама хат» секілді шығармаларды мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.