«Жусанның исі» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен шығарма туралы әңгімелесу өткізілді.

13 қазан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жусанның исі» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен шығарма туралы әңгімелесу өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы балалармен «Жусанның исі» шығармасын толықтай насихаттап берді.

Жазушы С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің негізгі түйіні – тағдыр талқысына түскен, жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала Аян бейнесі. Аянның ақылдылығымен намысшылдығы, сүйкімділігімен төзімділігі үлкен адамға тән мінез. Кішкентай Аянның бойындағы осындай мінез оның ерте есейгендігімен ақылдылығының белгісі. Ер баланың мінез – құлқында қайраттылық, намысқойлық, төзімділік, қамқорлық ерекше көрінуі тиіс. Сонда ғана ол жақсы азамат болып қалыптасады.