«Жұмекен – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты сыр сандық өткізілді.

7 наурыз күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқитын боламыз. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов – бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады. Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Жұмекен – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты сыр сандық өткізілді. Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет беріп, оқушылар сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді. Соныңда оқырмандарға кітап көрмесі таныстырылды.

Возможно, это изображение 33 человека, люди учатся и текст