«Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты өтті.
27 наурыз күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жергілікті ақын әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар беріп, таныстыру арқылы шығармаларынан үзінділер оқып ой өрістерін дамыту.
Кітапханашы: Оқырмандарға қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Гимнінің авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығымен таныстырып, баяндама оқыды.

