“Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз” атты портреттік кеш өтті.
16 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау барысында “Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз” атты портреттік кеш өтті. Шара барысында қаламгердің проза жанрындағы қажырлы еңбегі мен асқан күйшілік өнерімен таныстыра отырып, ақынның “Мен туған күн”, ”Аспан шақырады”, ”Ұлым саған айтам”, “Мезгіл әуендері” атты кітаптарына шолу жасалды.



