«Жүз жыл жырлаған жыр алыбы» өмірбаяндық шолу өтті.

14 сәуір күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жүз жыл жырлаған жыр алыбы» өмірбаяндық шолу өтті.

Шара барысында кітапханашы қазақ халқының рухани мұрасын байытқан, есімі тарихта мәңгі қалған тұлғаның өмір жолына, шығармаларына тоқталып, кітап қорындағы әдебиеттерімен таныстырды. Оқырмандар да ең танымал туындыларын мәнерлеп оқыды.