«Жүз жасаған бәйтерек» атты жыр кеші өтті.
12 ақпан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» акциясы аясында жыр алыбы, жыршы-жырау, халықтың ірі айтыскер ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жүз жасаған бәйтерек» атты жыр кеші өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен таныстырды. Ақынның жастық шағы, ақындық жолға келуі, айтыстағы шеберлігі мен шығармашылық жетістіктері жөнінде мәлімет беріліп, қысқаша бейнеролик көрсетілді.
Кеш барысында оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып берді.



