«Жүректен шыққан жыр иесі» атты әдебиет порталы өтті.
11 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында Облыстық «Жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айша Көпжасарованың 85 жасқа толуына орай «Жүректен шыққан жыр иесі» атты әдебиет порталы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылық жолын оқырман қауымға таныстыру, сырлы да сезімге толы жырларын насихаттау, жас ұрпақты қазақ поэзиясын қадірлеуге және көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу.
Шара барысында Айша Көпжасарованың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берілді. Ақынның «Жаз келеді», «Тал бесігім – Таразым», «Ана жүрегі», «Аяулы қазақ қыздары» атты кітаптары таныстырылды.
Сондай-ақ ақынның жырлары оқылып, шығармаларына шолу жасалды.


