“Жүрегі жырдан жаралған” тақырыбында тағылымға толы портреттік кеш өткізді.

17 қыркүйек күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Жұбан Молдағалиевтың 105 жылдығына орай “Жүрегі жырдан жаралған” тақырыбында тағылымға толы портреттік кеш өткізді. Іс-шара барысында ”Теміржол” колледжі білімгерлері ақынның лирикасынан үзінділер оқыды. Мақсаты: Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныту, поэзиядағы орны мен елге сіңірген еңбегін түсіндіру.