«Жүрегі елге,жаны өнерге арналған жан» әдеби круиз өткізілді.
16 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақын, аудармашы, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль және «Платиналық Тарлан» сыйлықтарының лауреаты Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Жүрегі елге,жаны өнерге арналған жан» әдеби круиз өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен таныстырып, оның 300-ден астам ән мәтіндерінің және 15-тен астам кітаптың авторы екенін атап өтіп,
оқырмандарға кітапхана қорындағы ақынның шығармаларына шолу жасады.


