«Жүрегі елге, жаны өнерге арналған жан» атты поэзия сағаты өтті.
30 сәуір күні Белбасар ауылдық кітапханасында Шөмішбай Сариев шығармашылығына арналған «Жүрегі елге, жаны өнерге арналған жан» атты поэзия сағаты өтті.
Шөмішбай Сариев – қазақ поэзиясында өзіндік орны бар көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оның шығармалары туған жерді сүюге, елді құрметтеуге, өнерді бағалауға үндейді.
Шара барысында ақын жырларындағы Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен рухани құндылықтар кеңінен насихатталды. Ақын ғұмырын қазақ әдебиеті мен өнеріне арнап, халқына мол рухани мұра қалдырған тұлға екені атап өтілді.


