«Жолдау – ел дамуының айқын белгісі» атты насихат-тренинг өткізілді.
5 қаңтар күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Жолдау – ел дамуының айқын белгісі» атты насихат-тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Президент Жолдауы аясында оқушыларға еліміздің дамуы бағытындағы мақсат-міндеттерді түсіндіру, отансүйгіштікке, бірлікке, ел байлығын құрметтеп, оны қорғауға баулу, білімді де саналы ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, оның ел болашағы үшін маңызы мен мазмұнын ашып көрсетті. Сонымен қатар тақырыпқа сай кітаптарға шолу жасалып, оқушылармен сұрақ-жауап, пікір алмасу арқылы белсенді диалог жүргізілді.
Іс-шара оқушыларға Жолдаудың мазмұнын тереңірек ұғынуға мүмкіндік беріп, елге қызмет етуге деген ынталарын арттырды.



