«Жол таптым бар халықтың жүрегінен» атты өнеге сағаты өтті.

15 сәуір күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың -125 жылдық мерейтойына орай «Жол таптым бар халықтың жүрегінен» атты өнеге сағаты өтті. Мақсаты: Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту. Іс – шараға Ораз Жандосов орта мектебінің оқушылары қатысып, Сабит Мұқановтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алды.