“Жол таптым бар халықтың жүрегіне” атты танымдық сағат өтті.

14 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жібек – Жолы лицейінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың-125 жылдығына орай “Жол таптым бар халықтың жүрегіне” атты танымдық сағат өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға Сәбит Мұхановтың өмір жолы мен таныстырып, шығармашылығына тоқталып өтті. Мақсаты: Оқушыларға шығарманы оқыта отырып ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу.