«Жойқын жарылыс – жаһанға төнген қауіп» танымдық сағат өткізілді.

13 сәуір күні 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль апаты – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі орын алды. Осы оқиғаның 40 жыл толуына орай Сауытбек ауылдық кітапханасында «Жойқын жарылыс – жаһанға төнген қауіп» танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы Чернобыль атом электр стансасының 4-реакторында жарылыс болып, аса қауіпті радиацияның атмосфераға таралғанын түсіндірді. Апаттың негізгі себептері ретінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы және реакторды сынақтан өткізу кезінде жіберілген өрескел қателіктер атап өтілді.