«Жеңіс – ұрпаққа аманат!» тақырыбында тарихи сағат өтті.
6 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Жеңіс – ұрпаққа аманат!» тақырыбында тарихи сағат өтті.
Іс-шара барысында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ел қорғаған батырлардың ерлігі мен қайсарлығы үлгі ретінде көрсетіліп, олардың Отан алдындағы жанқиярлық еңбегі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ ата-бабаларымыздың аманатын сақтау – әрбір азаматтың қасиетті парызы екені айтылды.
Шара барысында оқырмандар тарихи деректермен танысып, өткенге тағзым етіп, ерлікке тағылым алды. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, елін, жерін сүюге тәрбиелейді.



