«Жеңіс – ұрпаққа аманат» оқу марафоны өтті.
6 мамыр күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс – ұрпаққа аманат» оқу марафоны өтті.
Іс шараның мақсаты : жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, тарихи сананы жаңғырту және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты дәріптеу .Іс-шара барысында қатысушылар соғыс тақырыбына арналған көркем шығармалардан, естеліктерден және өлеңдерден үзінділер оқыды.



