«Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты тарихи-патриоттық сағат өтті.
8 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты тарихи-патриоттық сағат өтті.
Шара барысында кітапханашы қатысушыларды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың қаһарман батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы кеңінен әңгімеледі. Батырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталып, ұрпаққа үлгі болып қала беретіні айтылды.
Іс-шара соңында батырлар рухына тағзым ретінде «Жеңіс күнін тойлаймыз» әні орындалып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Шараның мақсаты:жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастырып, ерлік пен елдікке тәрбиелеу.


