“Жемқорлықсыз болашақ -жастар қолында” тақырыбында тейбл ток өтті.

21 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Жемқорлықсыз болашақ -жастар қолында” тақырыбында тейбл ток өтті.Шара барысында кітапханашы жемқорлықпен күресу жолдары жайында баяндама оқып, адал еңбек пен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Шараға қатысқан барлық қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша белсенді пікір алмасты.

Іс-шара қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.