«Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» пікір алаңы өткізілді.

27 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» пікір алаңы өткізілді.

Кітапханашы оқырмандарға сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып, бұл дерттің еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз екенін түсіндіріп өтті.

Оқырмандар жемқорлық туралы өз ойларын ортаға салып, ауылдық әкімшіліктің бас маманы Ж.Сопбекова қатысып қызметкері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жайында әңгімелеп, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерді оқырмандармен талқылап, кеңінен насихатталды.