“Жемқорлықпен күрес – жалпы қоғамдық іс” тақырыбында дәріс өткізді.
16 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Жемқорлықпен күрес – жалпы қоғамдық іс” тақырыбында дәріс өткізді. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр. Осыған орай шара барысында тақырып туралы оқушылардың ойы ортаға салынды, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері және оған қарсы күрес-әрбір азамат міндетті екені туралы айтылды.



