«Жемқорлықпен күрес – маңызды мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
12 тамыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен және Ақтөбе ауылдық округі бас маманы Молдашева Маржан Уалиханқызының қатысуымен «Жемқорлықпен күрес – маңызды мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, заң талаптарын құрметтеуге, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында жемқорлық ұғымы, оның пайда болу себептері және қоғам дамуына келтіретін зияны туралы ақпарат берілді.



