“Жемқорлық – халыққа төнген қауіп» атты пресс стол өтті.

25 тамыз күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Жемқорлық – халыққа төнген қауіп» атты пресс стол өтті. Шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кесел екендігі жайында айтты. Қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, кеңінен талқылады.