«Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі» тарихи круиз өтті.

13 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтың 60 жылдық мерейтойына орай «Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі» тарихи круиз өтті.

Іс-шараның мақсаты: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен азаматтардың ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, отансүйгіштік рухты қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беріліп, Қ. Рысқұлбековтың өмірі мен ерлігі туралы деректер таныстырылды. Сонымен қатар тарихи деректер, естеліктер мен кітап көрмесі ұсынылып, оқушылар Желтоқсан қаһармандары туралы пікір алмасты.