“Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы” тақырыбында тарихи сағат өтті.
12 желтоқсан күні Бүгін орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы” тақырыбында тарихи сағат өтті.
Мақсаты:Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын дәріптеу, Тәуелсіздіктің бағасын ұғындыру, патриоттық тәрбие беру.
Іс-шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына шолу жасалып, сол бір тарихи сәттің ел тағдырындағы орны кеңінен айтылды. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастардың ерлігі мен рухы, тәуелсіздікке жол ашқан батырлығы ерекше атап өтілді.
Оқушылар назарына тарихи деректер, бейнероликтер, фотоматериалдар ұсынылды. Қатысушылар өлең оқып, сол кездегі жастардың ерлігіне тағзым етті. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы Тәуелсіздік пен Желтоқсан тақырыбындағы кітаптар таныстырылды.




