”Желбіре, жеңіс жалауы” атты еске алу кеші өткізілді.
8 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағуни атындағы орта мектебінің мектеп 6 сынып оқушыларымен 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне орай ”Желбіре, жеңіс жалауы” атты еске алу кеші өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске алды. Батыр атағын алған Бауыржан Момышұлы, Әлия, Мәншүк жайында өмірбаянына шолу жасалды.



