«Желбіре, көкте көк байрақ!» атты тарих сағаты өткізілді
4 маусым күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Желбіре, көкте көк байрақ!» атты тарих сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы жан-жақты мәлімет берілді. Рәміздердің тәуелсіз еліміздің егемендігі мен бірлігінің, бейбітшілігі мен тұтастығының белгісі екендігі айтылды.
Кітапханашы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қастерлеу және мақтан тұту әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы екенін атап өтті. Сонымен қатар, еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында екендігі айтылып, оқырмандар өз Отанын, туған жерін сүйетін, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін нағыз патриот болып өсуге шақырылды.




