«Жазушыны ұлықтаған ел – бақытты» атты сыр кеші өткізілді.

10 маусым күні №2 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жазушыны ұлықтаған ел – бақытты» атты сыр кеші өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы жазушы Рахманқұл Сүлейменовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны мен шығармашылық мұрасы туралы айтып өтті. Ол қаламгердің туындылары адамгершілік, туған жерге сүйіспеншілік және ұлттық тәрбие сияқты маңызды құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті.