«Жазушы мұрасы – жас ұрпаққа бағдар» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
15 сәуір күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына орай «Жазушы мұрасы – жас ұрпаққа бағдар» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты кітап оқуға баулу және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Кеш барысында оқырмандарға қазақтың ұлы жазушыларының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, олардың өнегелі сөздері мен тағылымды туындылары кеңінен насихатталды. Қатысушылар жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, жазушылардың еңбектері ұсынылды.



