«Жазғы кітапхана – жаңа әлемге ашылар есік» атты саяхат-ойыны өткізілді.
10 маусым күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жазғы кітапхана – жаңа әлемге ашылар есік» атты саяхат-ойыны өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандарға қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен ой-өрістері сынға түсті. Қатысушылар қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, белсенділік танытты. Сонымен қатар, ойын барысында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту және жазғы демалысты пайдалы өткізу мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды.




