“Жазғы демалыс кітаппен” атты кітапханалық бульвар өткізді.

31 шілде күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Қосқұдық” балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың қиялын және шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ашық аспан аясында “Жазғы демалыс кітаппен” атты кітапханалық бульвар өткізді. Шарада бүлдіршіндер әр­түрлі қызықты балалар әде­биеттері, мазмұнды эн­цик­­­­лопедиялар мен фотосуретті кітаптармен танысты.