«Жауынгер тұлғасы – Бауыржан Момышұлы» атты ерлік сағаты өткізілді.

23 шілде күні Көктөбе ауылдық кітапханасында ,,Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қазақтың халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, әлемге әйгілі ұлы есім Бауыржан Момышұлына арналып «Жауынгер тұлғасы – Бауыржан Момышұлы» атты ерлік сағаты өткізілді. Іс – шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмір жолдарымен, көрсеткен ерліктерін, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның абыройын, намысын қорғай білуге, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.