«Жасындай жарқ еткен Бекзат» атты Б.Сейілханұлын еске алу кеші өтті.
3 сәуір күні орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №10 Шу колледж білімгерлерінің қатысуымен Қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановтың туылғанына 45 жыл толуына орай «Жасындай жарқ еткен Бекзат» атты Б.Сейілханұлын еске алу кеші өтті. Шара барысында кітапханашы чемпионның жеткен жетістіктеріне тоқталып,өмірбаянына шолу жасады.

