“Жастығын жалын шарпыған” тақырыбында еске алу сағаты өтті.

13 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай “Жастығын жалын шарпыған” тақырыбында еске алу сағаты өтті. Іс-шара барысында Ауған соғысында қаза болған интернационалист-жауынгерлерді еске алу бір минуттық үнсіздігі жарияланып, қаһарман жауынгерлердің ерлігі мен өнегелі өмірі жайлы мағлұмат беріліп, Тұрсынбек Санжар “Ұрпаққа аманат” атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Мақсаты:1979–1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді құрметтеу, қаза тапқан сарбаздарды еске алу, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.